42 градус аяз, бұрқасын, көктайғақ: 23 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.

«Қазгидромет» РМК 23 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын, көбіне қар болып жауады. Сондай-ақ көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.  ҚР бойынша тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.