Астана қаласында автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқыс оқиға салдарынан бір әйел қаза тапты.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
– Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деп жазды қалалық Полиция департаменті.