Алматы қаласында 22 235 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғаны (ЖРВИ) анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың сөзінше, мегаполисте ЖРВИ сырқаты бойынша маусымдық өршуі байқалады.
«Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық», – дейді Әсел Қалықова.
Сондай-ақ ол қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус таралып жатқанын атап өтті.