Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді: ТЖМ үндеу жасады

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ.

Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпан күні 16 сағат 33 мин 6 секундте жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде, Қытай аумағында жатыр. Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл, зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелең жасамауға кеңес береді», – делінген хабарламада.