Медеуде ер адамның денесі табылды

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам, алдын ала мәліметтер бойынша, биіктен құлап кеткен.

Алматыда Медеу биік таулы кешенінде ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам, алдын ала мәліметтер бойынша, биіктен құлап кеткен. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ жігіттің денесі табылуы фактісі бойынша тергеу басталды.

"Мән-жайлары анықталып жатыр", – деп хабарлады nur.kz тілшісіне Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.