Президент балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.