Ғылымды дамытуға бағытталған заң жобасын қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қоша­новтың тө­раға­лығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақтыланды.

Талқылауға депутаттар әзірлеген ғылым мә­селелері бойынша заң жобасын қарау ұсы­нылады. Құжатта жергілікті атқарушы ор­­­ган­дардың ғылым саласындағы өкі­леттіктерін кеңей­ту, әлеуметтік ке­пілдіктерді ұлғайту және педагогтер мен ғылыми қыз­меткерлер үшін қосымша төлем­дер беру көзделеді.

Екінші оқылымда мәжіліс­­мендер байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жоба­­­сын қарайды. Депутаттар бас­тама­шы болған бұл заң жобасы телекоммуникациялық ин­фра­құрылымды дамытуға, қалалар мен елді мекендердегі байланыстың қолжетімділігін қамта­масыз ету­ге және сапасын жақсартуға ба­ғытталған.

Алдағы жалпы отырыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қаты­­сушы мемлекеттердің қоғамдық ден­саулық сақтау саласындағы сани­тариялық-эпидемиологиялық сипаттағы тө­тен­ше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келі­­сімдерге, зияткерлік меншік құқықтарының сау­­да аспектілері бойынша, сондай-ақ Өзбек­стан­­­­­­мен одақтастық қатынастар туралы шарттарға қатыс­ты ратифи­­­кациялық заң жобаларын талқылау ұсынылады.

Сонымен қатар Мәжіліс коми­теттері көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ туристік саланы қолдау мәселелері бойын­ша жаңа заң жобаларын жұмысқа алатын болады.