Білім саласының болашағы ойлантады

Соңғы жылдары Қызылорда облысының білім саласы былыққа батып кетті.

Биылғы жыл басы Сыр өңі­р­і­нің білім саласындағы жағым­сыз жаңа­лықпен басталды. Жуыр­да Түр­­кістан қаласында екі баласын өл­­тірді деп күдікке ілінген әйел­дің қызылордалық ұстаз екені бел­­­гілі болды. Ол Қызылорда об­­­­­лы­сына қарасты Шиелі ауда­нын­дағы білім беру ұйымында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келген. Ұжымдастары мұғалімнің балалармен тіл табысуы жақсы, біліктілігінің жоғары болғанын айтып жатыр. Педагогикалық қыз­метте де жеткен жетістіктері аз еместігін алға тартады. Мінез-құл­қында ешқандай ауытқу­шы­лық байқалмаған. Десек те, көп­тің оң бағасы педагогті жауап­­керші­лік­тен құтқармасы белгілі. Осы­ған байланысты ішкі істер ор­га­нын­да қылмыстық іс тіркелді. 

Бұл аздай, Қызылорда қала­сы­на қарасты Белкөл кентінде №189 мектеп оқушылары ара­сын­­дағы төбелестен бір бала қай­­­тыс болды деген тағы бір жай­сыз хабар бәрінің төбесінен жай түсіргендей әсер етті. Оқи­ға­ның жай-жапсарын айтсақ, түс ауа көпқабатты үй­дің ауласында балалар ереге­сіп, соңы төбелеске ұласады. Салдарынан жанжалдан соққы алған 9-сынып оқушысы елді­ме­кендегі медициналық бекетке жеткізілгенше жан тапсырады. Сол сияқты қаладағы С.Лапин атын­дағы №261 мектеп­тің әжет­ха­насында оқушылар бір-біріне әлімжеттік көрсеткені анықталды. 

Былтыр да дәл осыған ұқсас жағ­дай Қазалы ауданында болға­ны ел есінде. Салдарынан 9-сы­нып оқушысының денсау­лы­ғына айтарлықтай зақым кел­тірілген еді. Биыл да дәл сондай жағ­дай қайталанып, соңы бала өліміне соқтыруы жұртшылықты дүрлік­тіріп жіберді. 

Осыған орай Қызылорда об­лыс­­тық Білім басқармасына жуыр­­да басшылыққа келген Ас­қарбек Есжанов журналистерге арнап шұғыл брифинг өткізіп, соң­ғы кездері орын алып отырған өзек­ті мәселелердің себеп-сал­дарын түсіндірді. 

«Салада орын алып отырған олқылықты болдырмау, жасалып жатқан жұмысты одан әрі жоғары дең­гейде жалғастыру үшін құ­зыр­лы органдармен бірлескен Жол картасы әзірленуде. Соның не­гізінде білім мен тәрбие сала­сының сапасын оңтайландыру мақсатында аймақ басшысының қолдауымен ашылған «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы жүйелі жұмыс жос­па­рын жасақтады. Нәтижесінде, орталық қызметкерлері облыс кө­леміндегі барлық мектеп пен колледждерге барып әдістемелік көмектер, семинарлар мен кез­де­сулер өткізуде. Алдағы уақытта мектеп оқушыларын өңірдің бар­­лық елді мекеніндегі клубтар мен мәдениет үйлерінен құрыла­тын отаншылдық және мемле­кет­шілдікке, патриоттыққа тәр­бие­лейтін түрлі бағыттағы үйір­­­­­­­­ме­лерді қамтитын «Адал адам» рухани-тәрбие орталы­ғы­ның жұмыс­тары­на тартатын боламыз. Мек­теп психологтерінің кәсіби дең­­­­­гейінің төмендігі де өзекті бо­лып отыр. Бұл ретте баланың бойын­дағы мінез-құлық өзгері­сін, құқықбұзушылыққа бейім­ділігін дер кезінде анықтауда пси­хологтің көмегі маңызды. Со­ған орай облыс әкімінің қол­дауымен құрылған «Облыстық пси­хологиялық қолдау орталы­ғы» арқылы білім беру ұйымдары психологтеріне әдістемелік кө­мек көрсетілетін болады. Бұл орын алған олқылықтарды оңал­туға оң әсер етеді деп сенеміз», – дейді Асқарбек Темірбекұлы.

Басқарма басшысы нәтиже көр­сетпеген мектеп директор­ла­ры­ның тиімділігіне бағалау жұ­мыс­­тары жүргізілетінін алға тарт­­­ты. Соның ішінде лицей, гим­­­­назиялардың жұмысына жан-жақты талдау жүргізіліп, көр­сеткіші төмен мектептердің ста­­­тусына қатысты нақты ше­­­­шім­­­­дер қабылдау көзделіп отыр.

«Педагог кадрлардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін көтеру де назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл тұрғыда балалар тәрбиесімен ай­налысатын педагогтердің са­па­лық құрамына ерекше назар ау­дара­мыз. Қазіргі уақытта облыс бойынша педагог-шеберлердің үлесі өте төмен. Соның ішінде Қа­залы, Қармақшы, Жалағаш, Шие­лі аудандарында 1 педагог-ше­берден болса, Сырдария ауда­нында мүлде жоқ. Бұл мұғалім­дердің белгілі бір деңгейге жетіп, ары қарай ізденбейтінін көр­се­теді. Сондықтан кәсіби білік­тілі­гін арттыруға құлшыныс таныт­пай­тын мұндай ұстаздардың әре­кеті ақтап алуға жатпайды», – деп тү­сіндірді брифингте басқарма бас­шысы.

Өңірдің білім саласындағы былық мұнымен шектелмейді. Педагогтердің апталық жүкте­ме­сіне жасалған талдау қорытын­ды­сымен жарты жүктемеге де жетпейтін, яғни 1 314 педагогтің 1-8 сағат жүктемемен жүргені де мәлім болды. Соған орай бас­қар­ма басшысы алдағы уақытта педа­гогтердің жүктемесін толық­тыру бағытында жұмыс жүргізі­ле­тінін жеткізді. Сондай-ақ бас­қар­ма тарапынан педагог мәр­­­­­­­­тебесін жо­ғарылату, шығар­машыл мұға­лім­дерді әдістемелік қолдау бойын­ша нақты шаралар ат­қа­рыл­­­мақшы. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы