Атамнан қалған қару: атыраулық азамат заңсыз қару сақтаған

Сотта азамат ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі аңшы қаруын заңсыз сақтағаны анықталды.

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабы  1-бөлігімен ("Қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы") азамат Д.Қ.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Сотта Д.Қ. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, мылтықтың өзіне атасынан қалғанын, ішкі істер органында тіркелмегенін, оны тіркеудің қажеттілігін білмегенін айтты, – делінген хабарламада.  Атырау облысы Полиция департаментінің жедел криминалистикалық бөлімінің қорытындысы бойынша, Д.Қ.-дан алынған қару атуға жарамды екені көрсетілген”, – деп жазылған  Аzh.kz сайты.

Сот қаулысымен Д.Қ. кінәлі деп танылып, оның қаруы тәркіленіп, 48 300  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.