Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізгі күші. Мыңдаған партия мүшелері партияның қоғамдық саяси өміріне белсене араласады. Бүгінде біздің облысымыз бойынша партияның көп бөлігі – білім беру және өнеркәсіп саласының өкілдері.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуы бойынша обыстық филиалдың төрағасы Сайрангул Жумадилова толықтай тоқталып өтті.
«Сайлау науқаны кезеңде біз партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын белсенді талқыладық. Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру үшін облыстық Жол картасы әзірленді. Өңір экономикасын дамыту, өмір сүру сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту сияқты бірқатар мәселелер қамтылды. Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар әр тармақ бойынша жауапты болып бекітілді. Біз үшін сайлауалды бағдарламаны сапалы орындау басты мақсат болмақ», – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Ал бастауыш партия ұйымының партиялық жобаларды іске асыру аясындағы қызметі туралы Зайсан аудандық филиалының №4 бастауыш партия ұйымының төрағасы Қазырхан Ерлік тәжірибесімен бөлісті.
– «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» жобалары аясында өз округімізге қарасты ардагерлер және көпбабалы аналармен кездесулер өткізіп, партия жарнасынан қайтарылған 20% ақшаны партия жанынан құрылған комиссия шешіммен әлеуметтік күн көрісі төмен отбасыларына көмек көрсетуге жұмсап отырамыз. Сонымен қатар партияның басқа да іс-шараларына белсенді қатысудамыз, – дейді Қазырхан Ерлік.
Панельдік секцияда форум қатысушылары арнайы лекторларға сұрақтар қойып, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын одан әрі жетілдірудің жолдарын талқылады. Сонымен қатар форум барысында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партияның төсбелгілері мен билеттері табысталып, бірнеше белсенді бастауыш партия ұйымының жетекшілері марапатталды.