Оқиға орнында 119 адам мен 48 арнайы техника жұмыс істеу үстінде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауылдықтарға су әлі де төменгі қысыммен беріліп жатыр.
«23 ақпанда Баянауыл ауданы әкімдігі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың ауылы аумағында жергілікті техногендік төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Су беруді қалпына келтіру жұмыстары толық жөнделгенше үздіксіз жүргізілетін болады», – деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігі.
Баспасөз қызметі Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың жедел штаб отырысын өткізгенін мәлімдеді.
Су құбырының әрбір учаскесінде мамандар құбырдың қатуы мен ауа қалуы кезең-кезеңімен тексеріледі. Мұндай жерлер анықталса, құбырды жылыту бу генераторларының көмегімен жүзеге асырылады. Кейбір жерлерде құбырдың айналасындағы топырақ көмірмен және ағаш шпалдармен жылытылады.
Басқарма су қоймаларында судың тұрақты тәуліктік қоры бар екенін және оларды үнемі толықтыру қамтамасыз етілетініне сендірді.
21 ақпанда диаметрі 1 020 мм суық су құбырының зақымдануы анықталды. Төтенше жағдай «Екібастұз қаласының су арнасы» МКҚК екінші көтергіш сорғы стансасынан 27 шақырым жерде орналасқан.