Алматылықтар жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
25 ақпан сағат 10.16 минутта Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансаларының желісіндегі ақпарат өңделуде.
Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтыланып жатыр.
Сейсмикалық стансаларда сағат 10.14-те Алматыда жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі Алматыдан 261 шақырым жерде Қытай аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.3.
MPV магнитудасы – 5.9.
Эпицентрдің координаттары 414.10° С. Е. 78.32° ш. б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Анықталғаны туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматыда 3 балл.