Астанада жеке үйдің аумағында монша өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖД мәліметінше, сағат 20:08-де моншаның бу бөлмесінің екі қабатты ғимаратта төбенің жабыны мен шатырдың ағаш конструкциялары жанғаны анықталған.
"Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, сағат 22.04-те жойылды. Өрттің аумағы 80 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.