Бір жарым жылдан бері іздеуде жүрген шетел азаматы Өскеменде ұсталды

Оны Өскемен полицейлері жалдамалы пәтердің бірінде қолға түсірді.

Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады, – деп жазады Aikyn.kz.

25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірген.