Наурызда Қазақстан халқы 14 күн демалады

Бұл 5 күндік апта режимінде жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты.

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар екі мереке – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын тойлайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның электронды үкіметінің сайтында жарияланған мерекелердің ресми күнтізбесіне сәйкес, «5 күндік апта» режимінде жұмыс істейтіндер Наурыз мейрамында бес күн қатарынан демалады.

Демалатын күндер:

• 8 наурыз, жұма – Халықаралық әйелдер күні.

• 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 

·         21-22 наурыз – бейсенбі және жұма. 

·         23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.