Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Райымбек ауылында саяжай өртенген. Оқиға орнына барған өртсөндірушілер үй иесінің мәйітін тапты.
Өрт салдарынан 68 шаршы метр үйдің төбесі опырылып ортасына түскен.
Мамандар өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан деген болжам жасап отыр.
Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 төтенше жағдай қызметі, полиция және жедел жәрдем жұмылдырылды.
Бұған дейін Қарағандыда жол апатынан көлік өртеніп, кәсіпкер қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.