Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қарағанды қаласында Ә. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатыры өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 шаршы метр алаңдағы өртті оқшаулауды.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.