Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сапар аясында Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көреді.

Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы Сәулелік терапия және диагностика орталығының жұмысымен танысады.