Қазақстанда балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Аталған өзгеріске сәйкес енді лицейлер мен гимназияларға балаларды 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан болмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің сөзінше, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан барлық типтегі және барлық балаға қатысты мектепке қабылдау кезіндегі шектеулерді алып тастайды.
«Біріншіден, заңға енгізілген өзгерістер оқушыларға бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді.
Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелеріне ата-аналардың наразылығы азаяды. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды», – деді Қаныбек Жұмашев.
Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізіледі.