Абай облысында өртенген үйден адамның денесі табылды

Өрт орнынан бір адамның мәйіті табылды.

Абай облысында өртенген үйден адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 08:00-де Бородулиха ауданының Шелехово ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғаннан кейін тұрғын үйде шатырдың, қабырғалардың, терезе мен есіктердің ағаш құрылымдары өртеніп, оттың қосалқы ғимараттарға таралғаны анықталды.

"Өрт сағат 10:56-да оқшауланып, сағат 12:02-де толығымен жойылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 100 шаршы метр. Оның себебі анықталып жатыр. Сағат 10:54-те өрт орнынан бір адамның мәйіті табылды", – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт орнына Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.