Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше әкімдік қызметкерлері үш жыл бойы үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген.
– Целиноград ауданының прокуратурасы бюджет шығынын тексерді. Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары үш жыл бойы жалпы 15 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келген», – дейді Ақмола облысы прокуратурасының өкілі.
Аталған факт бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігіне қатысты Қылмыстық кодекстің 189- бабының 4-бөлімі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы