Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады.
Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.
Биыл құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.
Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.