Айтыскер ақын Жүрсін Ерман қазіргі жастардың айтысы туралы айта келіп, айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Жүрсін Ерман АЙТЫС STRICE бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Айшолпанның айтысын мен жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін-өзі ұстауы да сондай айқай-шуға басып. Бірақ халық сұрағаннан кейін қосамыз. Халыққа не керек? Шу керек, шоу керек. Ол шоумен өзінше. Осындай ақындар бар", – деді ол.