«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман күтіледі.