«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 ақпан күні 9 аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.
Қарағанды облысының батысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман шөгеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.