Ұлытау облысының Ұлытау ауданында 3 адам пештен шыққан түтінге уланып көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі – көмірмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.