Республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атап айтқанда, Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол боранға байланысты жабық.
«Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. - Қайнар ауылының арасы жабық. Ескі Қордай асуы арқылы жүргені жөн», – делінген «Қазавтожолдың» хабарламасында.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 296 бірлік техника және 489 адам қар күреп жатыр.