TikTok платформасы биыл үшінші рет қатарынан #TikTokShortFilm өткізеді. Байқауда 55 елдің авторлары бүкіл әлемнің көрерменіне өз туындысын ұсынады. Былтыр #tiktokshortfilm хэштегімен 2 миллионнан астам видео түсірілген.
Қатысушылар 2024 жылғы 21 ақпаннан 15 наурызға дейін байқау шарттарына сәйкес келетін 1 минуттан асатын түпнұсқа бейнеролик жариялауы қажет. Қазылар алқасы «Бас жүлде», «Үздік сценарий», «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациялар жеңімпазын анықтайды. Үздіктер Францияда 77 рет өтетін Канн кинофестивалінің марапаттау рәсіміне шақырылады.
«Бас жүлде» номинациясының жеңімпазы 10 мың еуро көлемінде сыйақы алады, қалған екі номинация бойынша үздік жұмыс авторларына болашақта шығармашылығын дамыту үшін бес мың еуродан беріледі. Сондай-ақ Қазақстан авторлары да дәл сол күндері жергілікті қысқа бейнефильмдер байқауына қатыса алады. «Қазақстандағы ең үздік қысқа фильм» және «Қазақ тіліндегі ең үздік қысқа фильм» атты екі номинация бойынша жұмыстар қабылданады. Байқау жеңімпаздары Канн кинофестиваліне қатысады.