Құрамында ҚР бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары О. Бейспеков және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері бар жұмыс тобы Алматы облысында орналасқан Қытаймен шекаралас жатқан «Нұр жолы», «Қорғас» ШЫХО, «Қалжат», «Алтынкөл-жол» кеден бекеттерін аралады. Комиссия мүшелері өткізу пункттеріндегі жағдаймен және коронавирустың шығуына байланысты санитарлық - эпидемиологиялық бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралармен танысты. Сапар барысында санитарлық бақылау қызметкерлері арнайы медициналық костюмдер мен комбинезондарды, адам температурасының жоғарылауы кезінде тепловизордың жұмыс істеу тәжірибесін көрсетті. «Нұр жолы» бекеті 14 стационарлық тепловизормен, екі тасымалды тепловизормен жабдықталған, оқшаулағыш, медициналық кабинет, қажетті құралдармен жабдықталған, төсеме, материал жинауға арналған бикст, медициналық маскалар бар. Бекеттерде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді.