Алматыда қаланың әр ауданында смартфон ұрлады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың ең кішісі 20 жаста, – деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасап Aikyn.kz.
Қаланың әртүрлі аудандарында қылмыс жасаған төрт жігітті полиция қызметкерлері “ізін суытпай” ұстады. Олар ұрланған гаджеттерді кәдеге жаратып үлгермеген.
– IPhone және Samsung телефондары қалта ұрылары арасында “ерекше танымал”. Бұл жолы қаскөйлер Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында ұрлық жасады. Олардың ең жасы небәрі 20 жаста. Қазіргі таңда күдіктілердің жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.