Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде 2024 жылғы көктемнің келуі күнтізбелік мерзімге қарағанда сәл кешірек – наурыздың екінші жартысында-сәуір айының басында күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ал оңтүстік өңірлерде Наурыз жылы күндермен басталады, бірақ содан кейін суық ауа райы қайта оралады – бірінші онкүндіктің соңында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жаңбыр күтіледі, ал ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Наурызда, әдетте, синоптикалық процестердің қыстан көктемге ауысуына байланысты ауа райының жиі өзгеруі байқалады.
Қазақстанның солтүстік облыстарында Наурыз қыстың жалғасы болып табылады, бір ай ішінде қыс мезгіліндей суық ауа райы, қар, боран, жиі көктайғақ және тұман болады деп күтілуде. Ал кейбір күндері көктемгідей жылы болады.
Бірінші онкүндікте температураның жоғарылауы болжанады:
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -5-17°С-тан -3-8°С-қа дейін, күндіз -1-7°С-тан -2+3°С-қа дейін;
елдің шығысында түнде -20-35°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -3-12°С-тан -2+5°С-қа дейін;
елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында түнде 0,-10°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз 0,+7°С-тан +7+15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте +18°С-қа дейін.
Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі
солтүстік жартысында түнде -17-27°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-тан -1-6°С-қа дейін;
оңтүстік жартысында түнде 0,+10°С – тан -5-15°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан 0,+8°С-қа дейін.
Бірақ көктемгідей жылы ауа-райы айдың үшінші онкүндігінде орнығады - елдің солтүстік жартысында түнде -5+3°C, күндіз +3+13°C, оңтүстікте - түнде +2+10°C, күндіз +15+21°C болжанады.
Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, елдің қиыр оңтүстігінде 1°-қа жоғары болады деп күтілуде.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығыс жартысында, Павлодар және Жетісу облыстарының шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында нормадан көп болады деп болжануда.