Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.
– Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.