"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, боран, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтілуде.