СҚО-да депутат сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

Бұл жаңалықты Qazaqstan Media ақпарат көзі таратып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар" КМК басқарып келеді. 

Тараған дерекке қарағанда, коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.

"Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазды СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.

Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша "Ақ жол" партиясынан сайланған.