Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков 1 наурыздан бастап өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“7 ай көп емес, бірақ аз да емес уақыт. Осы аралықта талай қиындықтармен бетпе-бет келіп, жағымды жаңалықтармен бөлістім, маңызды шешімдер қабылдадым. Оқу-ағарту министрлігі жүктеген міндеттер аясында білім беру басқармасы ұжымымен бірлесіп, біраз жұмыстар атқарылды. Білім деңгейін көтеру, білім беру ұйымдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында бірқатар жобаларды іске қостық...”, – деп жазды экс-басшы.
Ол өзінің Облыстық білім беру басқармасы басшысы лауазымынан өз еркімен кетуін, жеке жоспарларының ауысуына байланысты екенін жазды.
Еске салсақ, Ерлан Сламбеков Атырау облыстық Білім басқармасы басшысы болып 2023 жылғы 19 шілдеде тағайындалған болатын.