Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© inform.kz
101
оқылды
Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК. 7 наурызда Қостанай облысыныңкей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның ықтималдылығы 90-95 %. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 м/с-ге жетеді. Қызылорда қаласында 7 наурызда күндіз шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Болжамның дәлдігі 95-100%. 7-8 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.