8 адам көз жұмды: "ҚазАвтоЖол" тірідей жанып кеткен оқушылардың отбасына көңіл айтты

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) автожолындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан адамдарға көңіл айтты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) автожолындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан адамдарға көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Ақтөбе-Астрахань автожолында қарсы бағытта қозғалған екі автокөлік соқтығысты. Оқиға орнына шұғыл түрде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиал қызметкерлері, жол полициясы мен жедел жәрдем өкілдері жетті.

Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған.

"ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ қаза болған адамдардың отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады.