Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов кениялық боксшыны жеңді

Алдағы Олимпиадаға жолдама алу үшін Бибосынов осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Бусто Арсицио қаласында (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз 1/16 финалда кениялық Дэвид Карандж Мачариамен кездесіп, оны төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шықты. Енді ол 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін жарысты жалғастырды. Айта кетейік, алдағы Олимпиадаға жолдама алу үшін Бибосынов осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.