Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Италиядағы лицензиялық турнирде жеңілуіне не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
54 келіде жұдырықтасқан Жайна алғашқы айналымда нигериялық Шукура Каримиден жеңілді.
«Бірінші кездесу болған соң, оңай соқпады. Барымды салдым. Африкалықтар физикалық жағынан мықты келеді. Соған қарамастан, бірінші раундта өз стилімнен айнымадым. 5:0 есебімен ұттым. Ал екінші раундта төбелесіп кеттім. Бұл – менің қателігім. Алдап, қулыққа баруым керек еді. Шаршы алаңдағы төреші де нокдаунды дұрыс есептемеді деп ойлаймын. Себебі сол сәтте екеуміз де соққы алмасқанбыз. Үшінші раундта айтарлықтай дәл соққылар болмады. Бірақ барынша алға ұмтылдым. Төрешілер үшінші раундты да қарсыласқа беріпті», – деді Жайна.