Атырау қаласындағы қоғамдық көлікте әйелдер тегін қатынап жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Атырау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындармен бірге осындай бірлескен шешім қабылданған.
«Атырау қаласы мен шаһар маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустар 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектерден жолақы талап етілмейді. Автобустар әдеттегі кестеге сәйкес таңғы сағат 07:00-де жолаушы тасымалдауға шықты. Оның №12 және 14 маршруттағы қоғамдық көліктер түнгі сағат 23:00-ге дейін, өзге автобустар сағат 21:00-ге дейін жолаушылар тасымалдайды. Күн сайын барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын 200 автобус бар», - деп хабарлады «СмартАтырау» КММ директоры Арслан Аронов.