Көңіл күйді жақсартатын тағамдар

Жеңіл, сіңімді, жоғары көмірсутекті тағамдарды тұтыну көңілге жайлылық сыйлайды.

Бұл өз кезегінде адам баласының көңіл күйін жақсартып, белсенділік деңгейіне, стрестен  арылуға көмектеседі, – дейді  Aikyn.kz  сайты. Сондықтан аталмыш мақалада әртүрлі қиын сәтте жанға медеу болатын тағам түрлері жайлы сөз қозғаймыз.

Мәселен:

Толқу және жүйке сыр берген кезінде шоколад жеу.

Мамандар  депрессияға ұшыраған адамдарға шоколод жеуге кеңес береді. Себебі оның құрамында психологиялық стресті және ауырсынуды жеңілдететін серотонин мен эндорфин бар екенін алға тартады. Бұл медицина тілінде «бақыт гормондары» деп аталады. Одан бөлек, шоколад полифенолдар мен флавоноидтар көзіне бай. Яғни,  аталмыш компоненттер жүректің қатты соғу қаупін азайтып, аутоиммунды жүйелердің алдын алады. Және ескеретін бір жайт, какао мөлшері 75%-дан төмен емес, қара шоколадқа басымдық беру қажет. Өйткені шоколадтың құрамында жүйке жүйесінің жұмысын тежейтін  кофейн бар. 

Мәселенің шешімі: кофе

Кофе – көңіл күйді жақсартатын бірден-бір сусын. Гарвард ғалымдары орта жастағы 50 мыңнан астам әйелге зерттеу жұмысын жүргізіп, кофе ішетіндердің депрессиядан аз зардап шегетінін анықтаған. Бірақ бұл сусынды көп тұтынбау да қажет. Құрамындағы кофеин тәуелділікті арттыруы мүмкін. Ресми дереккөздерге сүйенсек, 1-3 кесе кофе ішетін адамдардың өмір сүру ұзақтығы артып, өлім қаупі 15% төмендеген екен. Яғни, ондағы антиоксиданттар жүрек-тамыр жүйесін жақсартады.

Ұйқының болмауы және шамадан тыс тамақтану: ақуыздар мен пайдалы майлар

Алаңдаушылықтың жоғарылауы мен ұйқының бұзылуы салдарынан адам көп мөлшерде тамақты бақылаусыз тұтынады. Бұл жағдай әлеуметтік, мәдени, биологиялық факторларға байланысты. Дей тұрғанмен оның алдын алуға болады. Ол үшін ақуыздар мен пайдалы майларға бай жұмыртқа, тауық еті, сиыр еті және теңіз балығын тұтыну қажет. Сондай-ақ зығыр мен асқабақ тұқымын, авокадоны қосуға болады. Бұл тағамдардың көбінде денеге серотонин өндіруге көмектесетін омега 3-қанықпаған май қышқылдары бар. Ал серотонин  қуаныш гормоны.

Шаршау, депрессия: Жаңғақ және шай

Жаңғақ адам денесін қуаттандырып қана қоймай, оны көптеген маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Мәселен, марганец, калий, кальций, мыс, темір, магний, мырыш және тағы басқалары. Сонымен қатар жаңғақтарда нейротрансмиттерлердің пайда болуына ықпал ететін көптеген диеталық талшық бар.

2011 жылы Скрантон университетінің ғалымы Д.Винсон (Пенсильвания штаты) Американдық химия қоғамының конференциясында сөз сөйлеп, жаңғақтың 9 түрінің пайдалы қасиеттерін салыстырмалы талдау нәтижелерін жариялаған. Онда грек жаңғағының адам ағзасындағы жасушалардың жойылуына жол бермейтін антиоксиданттардың мөлшері басқа түрлерге қарағанда 2 есе артық екені дәлелденген. Сондықтан грек жаңғағын кез келген аурудың әмбебап профилактикалық агенті деп атауға болады.

Ал шай ішу ұзақ уақыт бойы релаксация мен зейіннің жоғарылауын, көңіл-күйдің жақсаруын қамтамасыз етеді.

Дариға Құрманалы,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

       ұлттық университетінің 4-курс студенті