Синоптиктердің пайымдауынша, алдағы үш күнде – 9, 10, 11 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондарға байланысты қар аралас жаңбыр, жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, боран болуы ықтимал.
Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында әрі Орталық Қазақстанда қар мен жаңбыр болуы мүмкін.
10 наурызда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондай-ақ синоптиктер еліміздің температуралық фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін айтты.