Ресейде көз жұмған Қазақстанның екі азаматы террорлық әрекет жасамақ болған

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматы террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті туралы ақпарат жарияланды.

Қылмыстық оқиға кезінде Ресейдің күштік құрылымдары олардың көзін жойған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰҚК бұл адамдардың Қазақстан азаматы екенін және Ресейге шыққанын растады.

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда", – деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.