Арман Қырықбаев Президент Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Арман Қырықбаев жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды»,  деп жазылған ақпарат көзінде.