Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр.
"Өрттің жалпы аумағы 2 500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2 075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды", – делінген хабарламада.