Нұр-Сұлтанға Сеулден 178 жолаушы ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгін қазіргі уақытта елорда әуежайына Сеул - Нұр-Сұлтан борты ұшып келді. Жалпы 178 адам, оның ішінде 85 адам транзитпен келген, Ресей - 31, Өзбекстан - 51, Грузия - 3 жолаушы. 93 қазақстандық бар, олардың екеуі бала. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықтарға жеткізіледі", - деді брифингте Ахметшәріп. Жол-жөнекей жолаушыларды өз елінің борттары әкетеді екен.