Қар еріп, көктайғақ болады: 10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер ертең еліміздің кейбір өңірінде қатты жел тұрып, жаңбыр, қар жауып, су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертті.

"Қазгидромет" РМҚ 10 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман түседі. 

Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де жауын-шашын болады, найзағай ойнайды.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Өскеменде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады. 

Павлодар облысында түнде жауын-шашын, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні – 25 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Кей тұста соққан желдің екпіні – 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде  тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, ал өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. 

9-10 наурыз аралығында күндіз ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе облысының Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында қызыл су белең алуы мүмкін.