Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды - деп хабарлайды Aikyn.kz
57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан боксшымыз 1/8 айналымда Пуэрто-Рико өкілі Тирадо Паганмен кездесті
Төрешілер бірінші раундта Махмұдқа 4:1 ұпай берсе, екінші раундта 3:2 есебімен қарсылас басым түсті.
Алайда Махмұд Сабырханның шешуші сәттегі дәл соққылары жекпе-жекті жеңіспен аяқтауға септігін тигізді. Есеп: 5:0.