Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан боксшымыз бұл жолы түрікменстандық жас боксшы Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен жұдырықтасты.
Тартысты жекпе-жектің бірінші раундында Асланбек Шымбергенов алға шыққанымен, екінші раундта түрікмен боксшысы ширақ қимылдап, 3:2 есебімен басым түсті.
Алайда шешуші сәтте отандасымыз намысты қолдан бермей, барын салды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.