Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Сиань қаласындағы Қазақстан мен Қытайдың жаңа көлік-логистика орталығынан шығып, Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТХКБ) Апшерон станциясына контейнерлі блок-пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға телекөпір арқылы қатысты, – деп хабарлады Ақорда.
Өз кезегінде президент Ильхам Әлиев көлік саласы қызметкерлерін осы айтулы оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың көптеген бағыты, соның ішінде көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Салтанатты шара соңында екі ел басшылары бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін қазақстандық және әзербайжандық мамандарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.